«Каспийді сақтау — ортақ жауапкершілік». Депутат жағалау елдері бірлессе дейді

1288
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pE0nfSO7RVj56Jtv0U6qmU6fXsrksyb4wV1mXmbi.jpg

Каспий теңізінің деңгейі айтарлықтай төмендеп, жағалаудағы экологиялық жағдай ушығып келеді. Сарапшылар мен экологтар бұл үрдіс аймақтың биологиялық тепе-теңдігіне, климатқа және экономикаға кері әсер етуі мүмкін екенін ескертуде. Осы мәселеге байланысты Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бұл - өте күрделі мәселе. Жалпы бұл мәселелерді ең алғашқылардың бірі болып біздің Президент көтерген. Бұл — бес мемлекеттің ортасында орналасқан үлкен теңіз. Теңіздің суының соңғы уақытта қатты төмендеп бара жатқанын естіп, біліп отырмыз. Бұл – біздің логистикалық әлеуетіміздің ақсауына алып келуі мүмкін. Екіншіден, теңіз жағасындағы Маңғыстау өңірі ауыз суды тұщыландырып пайдалануда осы теңіз суына тікелей тәуелді. Сондықтан Каспий теңізін сақтап қалу тек ғаламдық экожүйе үшін емес, еліміздің ауыз сумен қамтамасыз етілуіне де тікелей қатысты",- дейді депутат.

Жарқынбек Амантайдың айтуынша, сондайда суды үнемдеу тәсіліне көшкен ұтымды. Мемлекеттер арасында осы мәселеге жіті көңіл бөлініп, арнайы іс-шаралар қабылдануы қажет.

"Бәлкім, өзен арналарын бұрып, көктемгі тасқын суды сол жаққа бағыттау керек шығар. Мүмкін, сондай қадамдар жасалуы тиіс деп ойлаймын», – деді Жарқынбек Амантай.

Комментарии
Другие материалы