Қарағанды қаласында Threads-ке жазба жариялаймын деп басы дауға қалған Алика Мұхамадиева ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Тергеу дерегінше, айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған.
Қорғаушыларының айтуынша, Мұхамадиеваның екі жасар баласы бар. Осыған байланысты олар соттан жаза түрін жеңілдетуді сұраған. Алайда, жеңілдетілген жағдайда да айыпталушы 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Соңғы шешімді сот шығарады.
Қазір тараптар айыппұл төлеу арқылы жазаны алмастыру нұсқасын қарастыруда. Бірақ бұл жағдайда төленетін сома аз емес — 12 миллион теңге.
Қоғамда үлкен резонанс тудырған істің келесі сот отырысы 18 қазан күні өтеді.
Еске салайық, 2025 жылдың жазында Алика Мұхамадиева Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары арқылы қазақстандықтардың ашу-ызасын тудырған. Кейін оған қатысты тергеу басталып, шілде айында ол қамауға алынған болатын.
Айыпталушы бұған дейін өз сөздерінің контекстен жұлынып алынғанын айтып, кешірім сұраған. Ол ешкімнің сезіміне тию ниеті болмағанын мәлімдеген.
Қазан айында тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.