Легкодимованың өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды

786
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IeYA5gmyVlTmoqf2gv4VVFapWiusLjYo8XB0IOBB.jpg

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне байланысты тергеу ісінде жаңа әрі жан түршігерлік деректер пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "НеМолчи" қорына сілтеп. 

Сот барысында прокурор айыпталушы Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов арасындағы хат алмасулардың мазмұнын жария еткен. Бұл хаттар кейіннен әлеуметтік желілерде бөліп-бөліп жарияланғандықтан, оқиғалардың реттілігі бұзылғанымен, мазмұны қоғамды дүр сілкіндірді.

«Ол ұйықтап жатыр — әлі жылы, тірі сияқты», «Ол мәйітті тиіспе. Көрерміз», «Ашуңды бас, бәрін тазалап шық, із қалуы мүмкін», «Олар итпен келе ме?» — делінген хабарламалар тараған.

Желіде тараған хабарламаларадың арасында ең көп талқыланған жазба — «Біз одан да сорақы істер жасағанбыз» деген сөйлем болды. 

Тағы бір үзіндіде олар жазадан құтылу жолдарын ашық талқылайды.

«Прокурорға пара берсең болады. Бәрі парақор ғой», «Қымбатқа түседі, бірақ көрерміз», - делінген желіде тараған жазбада.

Бұл хат үзінділерін қоғам белсенділері мен «НеМолчиKZ» ұйымы жариялаған. Ұйым мәліметінше, жазбалардан айыпталушылардың ешқандай өкініш не қорқыныш сезінбегені байқалады.

Қазір сот процесі жалғасып жатыр. Қоғам өкілдері мен құқық қорғаушылар бұл істің толық әрі әділ тергелуін талап етуде.

Комментарии
Другие материалы