500 шапан. Жаңаарқалық тігіншілер Қазақстанның рекорд кітабына енді

820
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pilLc4ZLA1WHULn1tjY806ctGuJp2P31C25TXjks.webp

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы шебер тігіншілер өңірге тән ұлттық нақыштағы 500 шапан тікті, деп хабарлайды"Адырна" ұлттық порталы.

Тігіншілер Гиннестің рекордтар кітабына енді.

17 тігінші қатысып, әрқайсысы шамамен 33 шапаннан дайындаған. Барлық шапандар бірдей стильде тігілген және олардың әрқайсысында аймақтың тарихи әрі мәдени ерекшеліктері көрініс тапқан.

Жоба жетекшісі Қайсар Сейпішов бұл бастаманың рухани мәнін ерекше атап өтті.

"Айналайын Жаңаарқам, бала кезімнен анамның тігіп берген шапанымен мектепке барып едім. Сол шапан мен үшін қазақы рухтың, еңбектің, ананың мейірімінің нышаны болып қала берді. Бүгін сол қасиетті шапанның қадірін дәлелдеп, халқымыздың дәстүрі мен дархан мінезін паш еткім келді", – деді ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңаарқа ауданында қымыз дайындаудан да рекорд орнатылған болатын. Ал бұл жолғы ерекше жетістікті Кубадан келген Гиннес өкілі Юделькис Диас ресми түрде тіркеді.

Комментарии
Другие материалы