Мадагаскар президенті елден кеткенін растады

1353
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sopSpNCNd9SGvvywY5y8iRBcwQ3ygeWSrRMBs7RR.avif

Мадагаскар президенті Андри Радзуэлина өзінің «қауіпсіз жерде» екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұған дейін жергілікті және халықаралық БАҚ оның елден кеткенін хабарлаған еді.

Президенттің дүйсенбіге жоспарланған халыққа жолдауы бірнеше рет кейінге шегерілді. Тікелей эфир кезінде Радзуэлина:

«Бүгін өз өмірімді сақтау үшін жасырынуға тура келді. Бірақ осындай жағдайда да елдің болашағы үшін шешім іздеуді тоқтатқан жоқпын», — деді.

Сондай-ақ ол елде ушығып тұрған саяси дағдарысты шешудің жалғыз жолы — Конституцияны сақтау екенін атап өтті.

Француздық RFI радиосының хабарлауынша, мемлекет басшысы жексенбі күні Францияның әскери ұшағымен елден шығарылған. Бұл ақпаратты оппозиция жетекшісі Ситены Рандрианасолониайко да Reuters агенттігіне растады.

Ал ел астанасы Антананариву қаласында наразылық акциялары жалғасуда. Мыңдаған адам орталық алаңға жиналып, президенттің отставкасын талап етуде. Кейбір әскери қызметкерлер де наразылар жағына өтті.
Наразылық танытушылар алаңды «Демократия алаңы» деп атаған.

Комментарии
Другие материалы