Ұлытау облысында “Жезқазған – Қызылорда” автожолының қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

763
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sGZJp3YwiVRSm1qHpr6o8bMEzhBtU8qgsmu3PMW4.jpg

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ұзындығы 208 шақырымды құрайтын «Жезқазған – Қызылорда» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп жатыр.

Аталған жоба еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерін байланыстыратын маңызды көлік дәлізі саналады. Жолдың сапасын арттыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, жүк және жолаушылар тасымалының көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоба аясында жол учаскесі ІІІ техникалық санаттан ІІ санатқа ауыстырылып, қозғалыс жолақтарының ені кеңейтіледі, заманауи инженерлік инфрақұрылым, су өткізу құбырлары мен жол бойындағы қызмет көрсету нысандары жаңартылады.

Қазіргі таңда жолдың негізін әзірлеу, құмды қиыршық тастан төменгі қабат төсеу, жер төсемін нығайту және жол жабынына арналған материалдарды жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына ондаған арнайы техника мен жүздеген жол жұмысшысы тартылған.

Мамандардың айтуынша, жоба толық аяқталған соң жол пайдалану сапасы айтарлықтай жақсарып, көлік қатынасы барынша қауіпсіз әрі ыңғайлы болмақ. Бұл өз кезегінде өңір халқы мен кәсіпкерлері үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Комментарии
Другие материалы