Қырғызстандағы жер сілкінісі. Бірнеше тұрғын үй мен әлеуметтік нысан зақымданды

822
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

Қырғызстанның оңтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан бірнеше облыстарда ғимараттарға зақым келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

6 қазан күні елде жер дүмпуі сезілген. 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Жалал-Абад және Талас облыстарындағы бірқатар ауылдарда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға зақым келген.

Елдің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, табиғи апат салдарынан алты тұрғын үйдің, төрт мектептің, бір балабақшаның және екі фельдшерлік пункттің қабырғаларында жарықтар пайда болған.

Айта кетейік, 6 қазан күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 2:29-да Қырғызстанның оңтүстігінде күші 6 балдық жер сілкінісі тіркелген. Қазақстанның Тараз және Шымкент қаласына да сезілді.

Комментарии
Другие материалы