Бадықованың бұрынғы күйеуі мен журналистің үстінен белсенді арыз жазды

788
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Rq52sBmwLroShF4x44Ndo8XrdQsj1zpnN5eHol2H.webp

Белгілі қоғам белсендісі әрі Бадықованың заңды өкілі Айгүл Орынбек актрисаның бұрынғы күйеуі мен журналист Жылқышыбайдың бала асырап алу құпиясын жария еткені үшін құқық қорғау органдарына ресми арыз жолдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, отбасылық және жеке өмірге қатысты мәліметтерді жария ету - ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы (Бала асырап алу құпиясын жария ету) және 147-бабы (Жеке өмірге қол сұғу) бойынша нақты қылмыстық жауапкершілікке әкелетін құқықбұзушылық.

«Күйеуі мұны білмеуі мүмкін, бірақ журналистердің заңнан бейхабар болуы мүмкін емес. Мен Дариғаны көп жылдан бері жақсы танимын. Ажырасу кезеңінде қандай қиындықтардан өткенін де білемін. Сондықтан оның заңды мүддесін қорғаушы өкілі ретінде, Жылқышыбай мен Дарханның әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арызды Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне ресми түрде жолдаймын», – деді Айгүл Орынбек.

Сонымен қатар, қоғам белсендісі бұл жағдайды жеке адамның ар-намысы мен абыройын қорғау мәселесімен қатар, журналистік этика мен заң үстемдігіне сынақ ретінде бағалады.

«Барлық бұқаралық ақпарат құралдарын медиа заңнамасын қатаң сақтауға, жеке тұлғалардың өміріне қол сұқпауға шақырамын. Журналист – ең алдымен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін адам. Сондықтан рейтингі үшін біреудің тағдырын талқыға салу – кәсіби абыройға көлеңке түсіреді», – деді ол.

Айгүл Орынбектің мәлімдеуінше, құқық қорғау органдарына жолданған арыз бойынша тексеріс жұмыстары басталуы тиіс.

Комментарии
Другие материалы