Израиль мен ХАМАС делегацияларының келіссөздері Мысырда өтетін болды

779
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ucu5c5BYDoJsOW16mZsnFe0E8rBwxp1klyQ2IWRq.jpg

Мысырда 6 қазан күні Израиль мен ХАМАС делегацияларының келіссөздері өтеді. Кездесуде кепілге алынған израильдік адамдар мен палестиналық тұтқындарды босату мәселесін егжей-тегжейлі талқыланады. Бұл туралы DW басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, Мысыр Израиль мен Палестинаның ХАМАС террористік ұйымының өкілдерін 6 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік жоспары аясында Газа секторындағы израильдік кепілге алынған адамдарды палестиналық тұтқындарға айырбастау бойынша келіссөздер жүргізуге шақырды.

Тікелей емес, жанама жүргізілетін келіссөздер Трамптың Газа секторындағы соғыс қимылдарын аяқтау жоспарын ұсынғаннан кейін туындаған "аймақтық және халықаралық серпінді дамуға бағытталған күш-жігердің бір бөлігі " болып табылады", - деді 4 қазанда кешке Каирдегі Сыртқы істер министрлігі.

Кездесудің нақты қай жерде өтетіні нақтыланбады. Келіссөздер Шарм-эш-Шейхте немесе Каирда өтуі мүмкін.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп екі жылға жуық жалғасқан соғысты тоқтату жөніндегі ультиматумын ішінара қабылдаған ХАМАС әрекетін құптай отырып, Израильден Газа секторын бомбалауды дереу тоқтатуды талап еткен болатын.

Комментарии
Другие материалы