«ҮРКЕР» – 2025» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

661
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/k8JjjbZnzQCAyBtkVFhmIVmN175oinj6id0YYPWJ.webp

БАҚ өкілдері арасындағы дәстүрлі «ҮРКЕР» – 2025 ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады, деп хабарлайды "Адырна".

Өтінімдер 2025 жылғы 1-20 қазан аралығында қабылданады.

Конкурстық жұмыстар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығында республикалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жариялануы, не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына ғана қатыса алады.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:

  • Жылдың үздік сұхбаты;
  • Жылдың үздік репортажы;
  • Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал;
  • Жылдың үздік журналистік зерттеуі;
  • Жылдың үздік аналитикалық материалы;
  • Радиостанциядағы үздік жоба;
  • Жылдың үздік фотосуреті;
  • Жылдың үздік жаңалықтар порталы;
  • Жылдың үздік өңірлік БАҚ;
  • Жылдың үздік подкасты;
  • Жылдың үздік YouTube-арнасы.

Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинация жеңімпазына «ҮРКЕР – 2025» естелік мүсіні және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.«ҮРКЕР» ұлттық сыйлығы – баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі. 

Комментарии
Другие материалы