Ақтауда медициналық туризмнің дамуы талқыланды

1281
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cjgZeo0B7UK9Yn3GbmTdQTZ6fb4Fx5hY80fgghYd.jpg

Ақтауда Халықаралық туристік форум өтті, оның шеңберінде медициналық туризмді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев, сондай-ақ медицина саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

Қатысушылар жағалаудағы туристік және сауықтыру аймақтарына, соның ішінде «Аққұм», «Нұр» және «Сая» санаторийлік орталықтарына барды. Олар инфрақұрылымды жоғары бағалады және өңірдің медициналық-сауықтыру қызметтері саласындағы елеулі әлеуетін атап өтті.

Форумның шеңберінде панелдік сессия өтті, онда жетекші дәрігерлер мен сарапшылар тәжірибе алмасып, саланы одан әрі ілгерілету жолдарын ұсынды.

Іс-шара соңында Маңғыстау облысында Денсаулық сақтау вице-министрі мен медициналық ұйымдар басшыларының қатысуымен медициналық туризмді дамыту және санаторийлік-курорттық емдеу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Комментарии
Другие материалы