Алматы облысында 83 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

1350
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pjjYXsdu6UGVaq6PttqtBD9S6KcWYGqoyKblWLEb.webp

Алматы облысының прокуратурасы мемлекетке құнды жер телімдерінің қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ведомствоның хабарлауынша, соңғы үш жылда жалпы құны 6,1 млрд теңге болатын 83 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткен. Оның ішінде 21 мың гектар жер (құны 1,6 млрд теңге) бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің, олардың туыстарының және Forbes тізіміне енген тұлғалардың иелігінде болған.

Атап айтқанда, биыл мамыр айында прокуратураның талап-арызы бойынша Қапшағай жағалауындағы Құлыбаевтар отбасына тиесілі жер мемлекетке қайтарылды. Бұған қоса, тағы 9 гектар жағалау аумағы да мемлекетке өткен.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, Іле ауданындағы жерлерге қатысты жұмыс жалғасып жатыр.

Еске салсақ, қыркүйек айының басында Алматы прокуратурасы Мемлекеттік кірістер департаменті ғимаратының бір бөлігін мемлекетке қайтарғанын хабарлаған еді.

Комментарии
Другие материалы