Тоқаев Түркіменстан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

914
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hNhYftbLbyTdI5CBqwlUOvTHIBdR7oHrl9Ts8gIw.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстан Президенті бауырлас елді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, барша түрікмен халқына игілік пен өркендеу тіледі.

Жеделхатта Тоқаев Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел арасындағы байланыстардың мазмұны байып, стратегиялық серіктестік рухына және қос халықтың мүддесіне толық сай келетінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетаралық қарым-қатынастарды жан-жақты нығайтуға бейілді екенін растап, Сердар Бердімұхамедовке жауапты қызметінде табыс тіледі.

Комментарии
Другие материалы