Мемлекеттік тілді мойындауға мәжбүр болған “Меломан”. Mazmundama не дейді?

1524
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/syZBERX63JfjmWtFCW50Zk5VglRxEAbP2ZhnAvSN.jpg

"Mazmundama" басшысы Шыңғыс Мұқан “Меломан” кітаптар желісінен қазақ тілінде кешірім хат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Компания келісім-шартты бұзбайтын болып шешкен.

Автордың айтуынша, бұл жағдай оқырмандардың қолдауының арқасында мүмкін болған.

Дегенмен, ол “Меломанға” деген сенімге сызат түскенін жасырмады.

“Меломаннан” түн ортасында осындай хат келді. Қазақ тілінде! Кешірім сұрапты. Келісім-шартты бұзбайтын болыпты. Бұл да бір біздің жеңісіміз деп ойлаймын. 

Күнде көзмайымызды таусып, қағаз кеміріп, құмырсқадай еңбектеніп жүрген, бірден бірге әрең іліктіріп жүрген мына бізге зиян тигізу оп-оңай. Дегенмен оқырмандарымыздың қолдауының арқасында мыңғырған “Меломан” кешірім сұрап жатыр, жаңылысыпты.  Дегенмен көңілде аз да болса кір қалды. 

Шыны керек, кешірімге зәру емеспіз.  “Меломан”  сатпай қойса да, оқырмандарымыз кітапсыз қалмайды. Бастысы шартты орындаса екен дейсің. Жаңа кітаптарымыз оқырмандарымыз сатып алған ақшаны күтіп отыр. Дәл қазір 20 кітап кезекте тұр. Баспаға дайын. Тапсырайық десек, жеткізе алмай отырмыз.

Осыны ескере келіп, бұдан былай “Меломанға” қарызға кітап бермейміз деп шештік. Жаңа кітаптарымызды сатып алып жатса, “Меломаннан” таба аласыздар, болмаса Kaspi-ден ала аласыздар. 

“Меломанның” артында қазір қазақтың мықты жігіттерінің тұрғанына көзім жетті, алғанына көп болмапты, енді-енді игеріп жатыр екен. “Меломанның” беті бері қарай түседі деп үміттенемін”, – деп жазды Шыңғыс Мұқан.

Комментарии
Другие материалы