БҰҰ конференциясына дейін. Португалия Палестинаны ресми мойындамақ

648
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/T4Ng8vHKd97XCJ7MgtIWeLNR1yqVlzTq2Pw6MMfU.jpg

Португалия БҰҰ конференциясын күтпестен Палестина мемлекетін мойындайды, деп хвбарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Португалия сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, «ресми мойындау» дүйсенбі күні Нью-Йоркте өтетін жоғары деңгейдегі конференцияға дейін жүзеге аспақ.

Бұл мәлімдеме жұма күні жасалды. Бұған дейін Елисей сарайы Португалия мен Францияны қоса алғанда он ел дүйсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясы аясындағы Нью-Йорктегі конференцияда Палестинаны мойындайтынын хабарлаған еді.

«Сыртқы істер министрлігі Португалия Палестина мемлекетін мойындайтынын растайды. Бұл туралы министр Паулу Ранжел осы аптада мәлімдеген болатын. Ресми мойындау туралы мәлімдеме 21 қыркүйекте, келесі аптадағы жоғары деңгейдегі конференция алдында жасалады», – делінген елдің СІМ хабарламасында.

Сонымен бірге португал үкіметі Францияны да қамтитын он елдің Палестина мемлекетін бірлесіп мойындайтыны жөніндегі Елисей сарайының ақпаратын растады. 

Комментарии
Другие материалы