Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді

2167
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6SkLVz0g2hRt0hshlXQxq1hLlN1wvjADvRR2kw02.webp

Парламент отырысында анасын туған күнімен құттықтаған Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол журналистерге берген жауабында бұл әрекетінің астары бар екенін жеткізді.

«Мен анасын құрметтемей жүргендерге үлгі болсын деп айттым. Жалпы халық қарсы емес, тек кейбір адамдардың ниеті бөлек. Анасын сыйлай алмайтындар қарсы, ал ата-анасын ардақтайтындар қолдайды. Сондықтан өз бағытымнан қайтпаймын. Демалыс күндері анама барып, сыйлық беріп, қуантып қайттым. Бұл – менің ұл ретіндегі парызым»,– деді Назаров.

Сондай-ақ депутат ешқандай регламентті бұзбағанын атап өтті.

«Ешкім мені парламентте қаралаған жоқ. Басшылық та, әріптестерім де мені қолдап отыр. Қазақстанда анасын қорлап, әкесін ұрып жатқан жағдайлар бар. Менің сөзім соған өнеге болсын деген мақсатта айтылды»,– деді ол.

Комментарии
Другие материалы