78 мың айыппұл. Прокурорға шыққан шешім өзгерді

1821
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ерболат Әбдіровке қатысты істі апелляциялық тәртіппен қайта қарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сот алқасының мәліметінше, 2025 жылдың 27 тамызында сағат 23:00-де Әбдіров Алматы–Астана бағытындағы КС-955 рейсінің жолаушыларына қорлап тиіскен. Оның қоғамдық тәртіпті бұзғаны хаттамалармен, куәгерлердің айғақтарымен және полиция қызметкерлерінің баянаттарымен дәлелденген.

Апелляциялық қарау нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың «кінәсіз» деген шешімі заңсыз әрі негізсіз деп танылды. Сот істің дәлелдемелерін толық көлемде зерттемегені және тиісті құқықтық баға бермегені атап өтілді.

Әбдіров Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі («ұсақ бұзақылық») бойынша кінәлі деп танылып, оған 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау қаласының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ерболат Әбдіров Алматы әуежайында ұсталды деген ақпарат тараған еді.

Комментарии
Другие материалы