«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков матч кезінде жарақат алды

2029
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iAWztjQ6GeBV12FvBjBdJgMXICj4ZtD7ZMk7guB6.webp

 «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков матч кезінде жарақат алды. Ол «Ақтөбе» ойыншысы Жайро Жанмен соқтығысып, жақ сүйегін сындырып алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

 Ақтөбеде өтіп жатқан матчта алматылық клубтың қақпасында 18 жастағы Шерхан Қалмұрза тұр.

«Қайрат» клубы әзірге өз алаңында 1:0 есебімен қарсылас команданы жеңіп жатыр. Кездесудегі бірінші голды Дастан Сәтпаев соқты. 

Айта кетейік, «Қайрат» 18 қыркүйек күні ЧЛ аясында «Спортингпен» кездеседі.

Еске салайық, Қазақстандық «Қайрат» футбол командасы Чемпиондар лигасының соңғы іріктеу матчының плей-офф кезеңінде Шотландиялық «Селтикті» жеңген еді. Сол ойында «Селтик» ойыншыларының алғашқы екі соққысын Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков қайтарған еді.

Комментарии
Другие материалы