Бетперде киген жігіт ауыр жағдайдағы отбасыға үй сыйлады

704
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Goe1PpHBqe7YF03ooZZKvQz5Nvzm2ounbogKiAjm.png

Бетперде киген белгісіз жігіт тағы бір отбасына қайырымдылық жасады. Бұл жолы ол көзі көрмейтін анасы мен арбаға таңылған ағасын жалғыз асырап отырған, онкологиялық дертке шалдыққан 20 жастағы Гүлжанға көмек көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайырымдылық жасаушы бұл жайттың видеосын Instagram-дағы жеке парақшасында жариялаған.

Гүлжан дүниеге келмей жатып әкесінен айырылған. Бес жасынан бастап қара жұмыс істеп, көзі көрмейтін анасын және арбаға таңылған ағасын бағып келеді. Жуырда оған қатерлі ісік диагнозы қойылып, ота жасалған. Дегенмен бойжеткен емделуден бас тартқан, себебі ол үйдегі жақындарының қараусыз қалуынан алаңдаған.

Отбасы саманнан салынған ескі үйді жалдап тұрып келген. Қайырымды жігіт оларға баспана сыйлап қана қоймай, шағын кәсіп ашуға қаржы бөліп, Гүлжанның Үндістанда ем алуына да жағдай жасаған.

«Мен үнемі өзімнің емес, анам мен ағамның жайын ойлаймын. Олардың үйі болса деп армандайтынмын. Енді бізде “дұрыстап өмір сүруге болады” деген үміт оты тұтанды», — деді көз жасына ерік берген Гүлжан.

Қайырымды жанның айтуынша, қазіргі уақытта Гүлжан Үндістанда қажетті ем-домын қабылдап жатыр.

Комментарии
Другие материалы