Ресей және НАТО. Польша әуе кеңістігіне кірген Ресей дрондарын атып түсірді

1839
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UY5wvmqjZKtisAePS42orGv4Y2vdmuIK0idRlODT.webp

Польша әскерилері 10 қыркүйекке қараған түні өз аумағында Ресейге тиесілі бірнеше дронды атып түсірді. Бұл туралы елдің қарулы күштерінің бас қолбасшылығы хабарлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әскерилердің мәліметінше, Ресей Украинаға жаппай дронмен шабуыл жасаған сәтте ұшқышсыз ұшақтар бірнеше рет Польшаның әуе кеңістігін бұзған.

«Радарлар оннан астам нысанды анықтады. Олардың ішінде қауіп төндіруі мүмкін деген дрондар бейтараптандырылды», — делінген ресми хабарламада.

Бұл оқиға НАТО авиациясының өз аумағында ресейлік дрондарды жою тәжірибесін алғаш рет қолдануы болып отыр. Дегенмен, альянс өкілдері болған жайтты тікелей шабуыл ретінде қарастырмайды.

Польша премьер-министрі Дональд Туск оқиғадан кейін Үкіметтің шұғыл отырысын өткізді. Әскерилер болған жағдайды «агрессия әрекеті» және «масштабы жағынан бұрын-соңды болмаған әуе кеңістігін бұзу» деп атады.

Комментарии
Другие материалы