Баяғы "Целинныйдың" ашылуына Назарбаева да қатысқан

1716
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jEqrHSHXTfZjuXujpTa9j2uBOFkuFOiampAkUKa7.webp

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш қызы Алматыдағы «Целинный» мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Басылымның сөзінше, Дариға Назарбаева шараға өзінің бұрынғы құдасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаевты құттықтау үшін келген. Себебі орталық жобасы оның есімімен бұрыннан байланысты.

«Целинныйдың» жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталғанымен, орталық тек биыл, 5 қыркүйекте ашылды. Бұл үдеріс пандемия мен кәсіпкердің қамауға алынуына байланысты кешіктірілген.

БАҚ беттерінде тараған ақпаратқа сәйкес, қазір мұнда көрмелер өтіп жатыр. Ал желтоқсан айынан бастап кинокөрсетілімдер ұйымдастырылмақ.

Еске салсақ, Қайрат Боранбаев – Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы. Оның қызы Әлима марқұм Айсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шыққан болатын. Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы өмірден өтті.

Комментарии
Другие материалы