Ақтау қаласының прокуроры ұсталды деген ақпарат тарады

2178
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5QNDYabVmbawY9RdYAUOhOw0cDI1owIalaQDkMeo.webp

Ақтау қаласының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ерболат Әбдіров Алматы әуежайында ұсталды деген ақпарат тарады. Бұл туралы «Информатор KZ» және Yedilov Online Telegram-арналары жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

48 жастағы прокурор әуежайда жанжал шығарған.

«Әбдіров еңбек демалысында Астанадан Алматыға ұшып келген. Алматыға қонғаннан кейін оны полицияның желілік бөлімі қызметкерлері ұстаған. Оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі бойынша (Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйінде пайда болу) және 434-бабы 1-бөлігі бойынша (Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, азаматтарға тіл тигізіп, тиісу) хаттама толтырылды»,—делінген хабарламада.

Маңғыстау облыстық прокуратурасы бұл жағдайға түсініктеме берді.

«Аталған фактіге байланысты қызметтік тексеріс жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша қызметкерге қатысты тиісті шаралар қолданылады», –деді құзырлы орган.

Айта кетейік, Әбдіров Астана, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының прокуратурасында, Бас прокуратура мен Бас көлік прокуратурасында жұмыс істеген.

Комментарии
Другие материалы