ТМД елдерінен озық. Қазақстан паспорты 61-орынға көтерілді

1575
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ub5gcUOG1svJCH75HqsiWbcwzTc69eF6DxwALtPE.jpg

Қазақстан паспорты әлемдегі ең мықты паспорттар рейтингінде 61-орынға орналасты. Бұл туралы халықаралық Henley Passport Index деректері жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, индекс елдердің азаматтары визасыз бара алатын мемлекеттердің санына қарай жасалады. Қазақстан азаматтарына қазіргі таңда 79 елге визасыз кіру мүмкіндігі бар.

Қазақстан рейтингте бірқатар ТМД және көршілес елдерден жоғары тұр:

  • Әзербайжан – 66-орын;
  • Армения – 69-орын;
  • Моңғолия – 70-орын;
  • Қырғызстан – 71-орын;
  • Өзбекстан – 72-орын;
  •  Тәжікстан – 78-орын;
  • Түрікменстан – 84-орын.

Жаңа тізімде Сингапур бірінші орында (193 ел), одан кейін Жапония мен Оңтүстік Корея (190 ел) тұр. Ал тізімнің соңына Ауғанстан, Ирак және Сирия паспорттары жайғасқан.

Айта кетсек, Henley Passport Index – халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) деректеріне негізделген әлемдік рейтинг. Жылына бірнеше рет жаңартылатын бұл индекс саяхаттаушыларға паспорттың күшін бағалауға және визасыз саяхат мүмкіндігін көруге бағытталады.

Комментарии
Другие материалы