Трамп Ташкентті көре ме? Мирзиеев шақырып отыр

1794
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CSfgbBbFSRILR7Es4J1w9KHbX1MEh1D0jj34zNMA.jpg

Өзбекстан президенті АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы caliber.az-ға сілтеп. 

Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгіме барысында екі ел басшылары стратегиялық әріптестікті нығайту және жаңа салаларда өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

Президент Дональд Трамп Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді. Оның айтуынша, Мирзиёев бастаған саяси-экономикалық өзгерістер елдің дамуына ғана емес, Орталық Азиядағы тұрақтылыққа да ықпал етеді. Сондай-ақ АҚШ басшысы халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған қадамдарды қолдайтынын жеткізді.

Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев АҚШ әкімшілігінің ішкі және сыртқы саясаттағы оң нәтижелерін де атап өткен. Ол Вашингтонның халықаралық және өңірлік қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге қосып отырған үлесін ерекше бағалады.

Сұхбат соңында Мирзиёев Дональд Трампты Ташкентке ресми сапармен келуге шақырды. Бұл сапар екі ел арасындағы байланыстарды жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде.

Комментарии
Другие материалы