Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

1000
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vD3PzWx0rYLSbHwxqZOJkqOodNWRgWS3t25dboM8.jpg

Бүгін, қыркүйектің 5-і — Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

2017 жылы Премьер-Министрдің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді.

Ұлт көсемі 153 жыл бұрын қазіргі Қостанай облысы Жангелді ауданы Ақкөл ауылында өмірге келген.

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте өмір есігін ашып, 1937 жылы 8 желтоқсанда қайтыс болған.

Ахмет Байтұрсынұлы – ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы, қазақ тіл білімі мен әліпбиінің негізін қалаған тұлға. Ол қазақ “тілін ғылым ретінде жүйелеп, тұңғыш оқулықтар жазды. 1912 жылы өзі реформалаған төте жазу негізіндегі төте әліпбиі" – ұзақ жылдар бойы қазақ халқының жазба тілі ретінде қолданылды.

Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық қызметі қазақ даласына білім мен ғылым сәулесін түсірді. Ол бала оқыту, мектеп ашу, оқулық жазу ісіне ерекше көңіл бөлді. Оның 1913 жылы жазған "Қырық мысал", 1914 жылғы “Маса"* жинақтары арқылы ол қоғамдағы әділетсіздік пен надандықты сынады, халықты оятуға тырысты.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси басылымы "Қазақ" газетінің негізін қалаушы әрі алғашқы редакторы. Бұл басылым арқылы ол ұлт мәселесін қозғап, Алаш қозғалысының идеясын халыққа жеткізді.

Алаш қозғалысының белсенді мүшесі болған Ахмет Байтұрсынұлы 1929 жылы "халық жауы" ретінде тұтқындалып, бірнеше рет қуғын-сүргінге ұшырады. Ақырында 1937 жылы сталиндік зұлматтың құрбаны болды.

Комментарии
Другие материалы