Қазақстан мұнай өндіруді 100 млн тоннаға жеткізуді көздеп отыр – Тоқаев

2291
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hPouhYTN47yOQtaGurRqNTB9gGCrpgdziVirPiTR.jpg

Қазақстан жақын арада мұнай өндіру көлемін жылына 100 миллион тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

«Белгілі болғандай, мұнай мен газ – біздің стратегиялық маңызды ресурстарымыз. Мұнай саласы елдің дамуына ерекше үлес қосты. Тәуелсіздік жылдарында біз «қара алтынның» құндылығын толық сезіндік. Бүгінгі таңда бұл сала қарқынды дамып келеді. Қазақстан әлемдік мұнай нарығында көшбасшы елдердің қатарында. Елімізде мұнай өндіру көлемі төрт есе артты және жақын арада жылына 100 миллион тоннаға жетеді», – деді мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, көмірсутектер әлі де әлемдік энергетикада, соның ішінде Қазақстан энергетикасында басты рөл атқара береді.

«Бірқатар елдердің, соның ішінде Еуропа елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, баламалы энергия көздері қосалқы қызмет атқара алады», – деді ол Мұнайшылар күні қарсаңында өткен салтанатты жиында мұнай саласы қызметкерлерін құттықтай отырып.

Президенттің айтуынша, отандық мұнай-газ кешені алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – технологиялық жаңғырту, соның ішінде жасанды интеллектіні енгізу.

«Заманауи технологиялар мұнай мен мұнай өнімдерін өндіруді, тасымалдауды және өңдеуді оңтайландыруға ықпал етуі керек. Отандық мұнай-газ индустриясы қазіргі заман талаптарына сай болуы тиіс. Салаға экологиялық таза әрі озық технологияларды енгізу аса маңызды. Геологиялық барлау жұмыстарын жандандырып, жаңа кен орындарын ашуға баса назар аудару қажет», – деді ол.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы мұнай-газ саласын әрі қарай дамыту үшін білікті кадрлар даярлаудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның мұнай-газ саласында 200 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Комментарии
Другие материалы