Путин кездесуге шақырды — Зеленский күмәнмен қарайды

1630
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tDMZEYaXQbgINGRNpokHWTsxBWuFPfFrKVXBfb2n.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путиннің Мәскеуде кездесуге қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді. Бұл тақырыпты Зеленский Франция президенті Эммануэль Макронмен бірге Парижде өткізген бірлескен баспасөз конференциясында қозғады, деп хабарлайды “Адырна”.

«Меніңше, мені Мәскеуге шақырғанына қарағанда кездесуді қаламайды. Ресей кездесуді айта бастады – бұл жаман емес. Бірақ біз олардың соғысты тоқтатуға деген ниетін әзірге көріп отырған жоқпыз», — деп келтіреді Зеленскийдің сөзін BBC-News.

Бұған дейін Путин Қытайға сапары барысында Зеленскиймен Мәскеуде кездесуі мүмкін екенін айтқан болатын. Алайда ол мұндай диалогтың қажет екеніне күмән білдіріп, Украина басшысының заңдылығына (легитимдігіне) тағы да күмән келтірді.

Сондай-ақ Ресей президенті мұндай кездесу туралы өтініш Ақ үй басшысы Дональд Трамптан түскенін растады. БАҚ деректеріне қарағанда, бұл сұхбат Вашингтонда Украина мен Еуропа елдерінің қатысуымен өткен саммитте болған.

Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге берген сұхбатында Путин мен Зеленский әзірге қақтығысты реттеу бойынша келіссөздер өткізуге дайын емес екенін айтты.

Сонымен қатар, Трамп Зеленскиймен және дәл сол уақытта Парижде жиналған еуропалық көшбасшылармен телефон арқылы сөйлескен. Олар «қалаушылар коалициясы» кездесуіне қатысып жатқан болатын.

Кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Макрон 26 елдің Украина аумағына өз күштерін жіберуге дайын екенін айтты — бірақ тек оқ атуды тоқтату туралы келісім жасалған жағдайда ғана.

Комментарии
Другие материалы