Автокартинг пен VR-технологиялар: Шахтинсктегі Оқушылар сарайында жаңа үйірмелер іске қосылады

1577
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8GDX1F7o3HKCU0qdzxOw8MiVj9xgKgPSuti31Bod.jpg

Жаңа оқу жылынан бастап Шахтинск қаласының оқушылары картингпен айналысып, VR-технологияларды меңгеру мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ сұранысқа ие басқа да бағыттар бойынша үйірмелер ашылады.

 №2 Оқушылар сарайында ұйымдастырылатын бұл сабақтар балалардың таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, ерте жастан инженерлік ойлау қабілеті мен кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

71feb8cf6942f03aa31b6989792ce972_original.30136.jpg

Автокартинг үйірмесі Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асырылып жатқан «Тарлан» жобасының құрамына енеді. Мұнда балалар карт жүргізуді үйреніп, техникалық саладағы алғашқы тәжірибесін жинақтайды.

95fec722ac5d4a4449eb2c447bb7cf7e_original.33449.jpg

– Автокартодромды дайындау жұмыстары шамамен үш айға созылды. Жаз бойы Сарайдың артындағы алаң абаттандырылып, ғимараттың қасбеті мен гараждар жөнделді, жаңа асфальт төселді, – деді Оқушылар сарайының директоры Ирина Шмик.

b523789e4c7c1237ad5ea171abff2e07_original.159985.jpeg

Қажетті инфрақұрылым толық дайын: 10 карт пен барлық керек-жарақ сатып алынды, сегіз гараждан тұратын база жабдықталды. Қазір үйірмеде сабақ беретін, оқушыларды жүргізу машығына және жол қозғалысы ережелерінің негіздеріне үйрететін педагогтарды қабылдау жүріп жатыр.

d310fb03352d49be602fdc583ce00845_original.39950.jpg

Сабақтар екі жас санаты бойынша өтеді — 10–12 және 12–17 жас. Бағдарламада карт жүргізу дағдыларынан бөлек, техника құрылымын танып-білу, динамика заңдылықтарын меңгеру және жол қозғалысы ережелерін оқу қарастырылған. Үйірмеге қабылдау 15 қыркүйектен басталады.

022286466adfbbfd1d90b3d65b610156_original.20904.jpg

Картинг Шахтинск қаласында әрдайым сұранысқа ие спорт түрі болып келді. Бұл бағытта 20 жылдан астам тәжірибе жинақталып, дамуына қажетті база қалыптасқан.

0c420e5511fcc8f106dd85235897fac2_original.49024.jpg

Бүгінде Оқушылар сарайында 4 жастан 18 жасқа дейінгі екі мыңнан астам бала қатысатын 11 бағыт бойынша 147 үйірме жұмыс істейді. 2025 жылы «Қазақстан халқына» қоры мен Білім беруді тұрақты дамыту қорының қолдауымен инженерлік-техникалық бағыттағы үйірмелердің (робототехника, автокәсіп және т. б.) материалдық-техникалық базасы едәуір жаңартылып, заманауи STEM-жабдықтар сатып алынды. Биылғы оқу жылында VR-технологиялар және телестудия сынды жаңа бағыттар іске қосылады.

Комментарии
Другие материалы