144 млрд теңге жымқырды деген банкир рақымшылыққа ілікті

795
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QtB2h1ogFhAyOc5wKqj48uRLV4odIdd3g0jSzZs7.jpg

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың колониядан босатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Журналистер министрден 144 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталып, 11 жыл5а сотталған адамның қалайша 4 жылдан кейін рақымшылықпен бостандыққа шыққанын сұрады. Сәденов мұндай шешімді сот қабылдағанын және оны өзі түсіндіре алмайтынын айтты.

“Ол да құқылы. Рақымшылыққа сәйкес осындай шешім қабылданды. Бірақ оған шектеу бар, яғни пробациялық бақылау қойылады. Ол – мемлекетке қарыз адам. Менің ойымша, мұнда апелляцияға, яғни наразылық енгізуге болады. Бұл – сот шешімі, мен оны түсіндіре алмаймын”, – деді Сәденов.

Министрден Ертаевтың шынында да Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында босатылған-босатылмағаны да сұралды.

“Мен тек сот шешімімен бұл адамға рақымшылық жасалғанын растай аламын. Сонымен қатар пробациялық бақылау сақталады”, – деп жауап берді Сәденов.

Бүгін бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың колониядан босағаны белгілі болды. Ақпаратты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады. Онда Ертаевтың алдағы уақытта бақылау мен қадағалау үшін пробация қызметінің есебіне қойылғаны айтылды.

Айта кетейік, 2020 жылдың қарашасында Жомарт Ертаев RBK Bank-тен 144 миллиард теңгені жымқырғаны үшін айыпталып, 11 жылға сотталған еді. Онымен бірге тағы 35 адамға үкім шыққан.

2018 жылы Жомарт Ертаев қазақ ұлтшыл-патриоттары тарапынан қауіп төнгенін айтып, Ресейден саяси баспана сұраған еді.

Комментарии
Другие материалы