Қытай оқушылары домбырамен белгілі қазақ, қытай әуендерінен попурри орындады

1645
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FAsi06rCtnvLuzw4ptAt2o9vZL3sbPGGQRHHgyjp.jpg

Мемлекет басшысы ҚХР мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен бірге Мәдениет орталығын аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кітапхана, қазақ тілі, музыка және шығармашылық кабинеттері таныстырылды. Көрме залына Қазақстанның ежелгі сақ дәуірінен бастап XX ғасырдың бас кезіне дейінгі тарихынан сыр шертетін экспонаттар мен артефактілер қойылған.

Экспозиция археологияға, зергерлік бұйымдарға, қару-жарақ жасау өнеріне, ұлт аспаптарына және этнографияға арналған бес бөлімнен тұрады. Орталықтың кітапхана қорында қазақ, қытай, ағылшын және орыс тілдеріндегі мыңға жуық кітап бар. 

Сондай-ақ, Президент Қытай оқушыларының домбырамен орындаған қазақ, қытай әуендерін тыңдады.

Сонымен қатар мәртебелі меймандар Бейжің балаларына арналған киіз басудан шеберлік сабағын тамашалады. 

 

 

Комментарии
Другие материалы