Ашық космосқа шығудан ашық шеттетілген. Айдын ғарышқа ұшқан күн

1858
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/a3lioJ2fEfXWgriRTaat5cGvjygwP17h2n6WrvWh.jpg

2015 жылы 2 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 10.37-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМА-18М» зымыран-тасымалдағышы ұшырылды. Оның бортында Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов болды. 

Сондай-ақ, халықаралық экипаж құрамында ресейлік ғарышкер, №1 бортинженері Сергей Волков, Дания Корольдігінің астронавты Андреас Могенсен болған.

Алғашында Айдын Айымбетов ашық кеңістікке қатысушы ретінде ұшады деп жоспарланған еді, алайда ұшатын уақыт таяғанда оның мәртебесі біліктілігіне сәйкес, "бортинженер-2" деп өзгертілді.

Экипаж Жерге 12 қыркүйекте 9 күн 20 сағат 13 минут 51 секундтан кейін оралды. Айдын Айымбетов ғарышқа ұшқан тұңғыш Қазақстан Республикасының азаматы атанды.

10 күнге жуық уақытқа созылған сапарда Айдын Айымбетов ғарыштағы 5-ші ұлттық ғылыми зерттеу бағдарламасын орындады. 

Жалпы ғарыштық зерттеу бағдарламасы 10 ғылыми тапсырмадан құрылған, оның ішінде Арал және Каспий теңіздерінің экологиялық жағдайына мониторинг жүргізу және "Дастархан-6" деп аталған ұлттық тағам өнімдерінің ғарыштағы пайдалы қасиеттерін зерттеу болды.

Айдын Айымбетов – Қазақстан Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы. Ғарышкер 1972 жылы 27 шілдеде қазіргі Жетісу ауданы, Өтенай ауылында дүниеге келген.

 

 

 

 

Комментарии
Другие материалы