Ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушінің қызы алғаш рет мектепке барды

1875
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4P6O3ueeI43PaRV3LwmaZEXOirm6MMN5m17ivGbV.jpg

Алапат өрттен үш адамды құтқарып, өзі көз жұмған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің қызы 1-сыныпқа барды. Бұл туралы марқұмның жары Әнел Забикулина айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін — біздің отбасымыз үшін маңызды  күн. Менің кішкентай ханшайымым алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, бірінші сынып оқушысы атанды. Бұл – оның үлкен өмірлік жолының бастамасы, білімге, арманға және болашақ жеңістерге жасалған алғашқы қадамы», – деп жазды Әнел Instagram-да.

Ол жанында жарының жоқтығы жүрегін ауыртатынын жасырмады.

«Әкесі әрқашан қызымен мақтанатынына сенімдімін. Оның жылуы мен қамқорлығы әрдайым жолын ашық етеді»,— деді марқұмның жары.

Әнел қайғылы жағдайдан кейін отбасына қолдау көрсеткен жандарға алғысын жеткізді.

«Сіздердің арқаларыңызда алға басуға, басымызды көтеруге және алда тек жақсылықтар болады деп үміттенуге күш бар»,—деп қосты ол.

Instagram
599 likes, 30 comments - adyrna.kz on September 1, 2025: "Алапат өрттен үш адамды құтқарып, өзі көз жұмған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің қызы 1-сыныпқа барды. Бұл туралы марқұмның жары Әнел Забикулина айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. «Бүгін — біздің отбасымыз үшін маңызды күн. Менің кішкентай ханшайымым алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, бірінші сынып оқушысы атанды. Бұл – оның үлкен өмірлік жолының бастамасы, білімге, арманға және болашақ жеңістерге жасалған алғашқы қадамы», – деп жазды Әнел Instagram-да. Ол жанында жарының жоқтығы жүрегін ауыртатынын жасырмады. «Әкесі әрқашан қызымен мақтанатынына сенімдімін. Оның жылуы мен қамқорлығы әрдайым жолын ашық етеді»,— деді марқұмның жары. Әнел қайғылы жағдайдан кейін отбасына қолдау көрсеткен жандарға алғысын жеткізді. «Сіздердің арқаларыңызда алға басуға, басымызды көтеруге және алда тек жақсылықтар болады деп үміттенуге күш бар»,—деп қосты ол.".
Комментарии
Другие материалы