Павлодарда ер адам өзін өртемек болды. Қылмыстық іс қозғалды

1769
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pql0CDrUQ3JTcv9x9NWAkBdOTcERqGoZOLfz3HFF.jpg

31 тамызда Павлодар қаласындағы «Жайлау» базарында ер адам өзін өртемек болған. Қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдайға жалдау ақысына байланысты мәселе себеп болған.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен базар әкімшілігі дереу қауіпсіздік шараларын қабылдап, жедел жәрдем шақырды. Ер адаммен құқық қорғау органдары әңгіме жүргізді. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр»,—деп толықтырды ПД баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшылары тергеу барысында анықтайтын болады.

Комментарии
Другие материалы