Шахтер Болат Жәкенов: Жер байлығы – болашақтың игілігі

1555
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/F0ZwmQyEF6rexNvQedLtThxnFevBIaslgImq9BzZ.jpg

Бүгінгі мерейлі мерекеде шахтерлердің ерен еңбегі еленіп, сала ардагерлері мен үздік мамандар марапатталды. Орден «Құрметпен» ТОО «Сокур Көмір» техникалық директоры Болат Жакенов та наградталды. Марапат иесі осы күнге орай өз пікірін бөлісті.

Мемлекет пен Мемлекет басшысының шахтерлер саласына көрсетіп отырған қолдауын қалай бағалайсыз?

Мемлекет пен Мемлекет басшысының шахтерлер саласына жасап отырған қамқорлығы – бүгінгі күннің сұрауына сай. Кең байтақ еліміздің жер асты байлығы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады емес пе? Бүгін Мемлекет басшысы бұл саланы өз назарында ұстап, Қазақстанның қуатты ел болуына еңбек етіп жатыр десем артық емес.

Бір шумақпен айтсам:

Жер байлығы атадан қалған мұра емес, ол болашақтың игілігіне айналуы керек. Сол үшін құнтты болайық дегім келеді.

Өз қызметіңіздегі ең үлкен жетістігіңіз деп нені айтар едіңіз?

Өзім үшін ең үлкен жетістік – 1976 жылы Қарағандыдағы Ордена Трудового Красного Знамени политехникалық институтының Горный факультетіне, маркшейдер мамандығына студент болып қабылданған күнім. Сол сәттен бастап осы салада адал еңбек етіп келемін. Қанша ауыр жүк болса да, шешімін тауып, абыроймен атқарып жүргенім – менің басты жетістігім.

Шахтерлік жолды таңдаған жас мамандарға қандай тілегіңіз бар?

Жас мамандарды әрқашан мақтан етемін. Оларға айтарым:

Жас мамандарды мен мақтаймын,

Еңбектерің болсын жемісті.

Табыстарыңыз болсын қомақты,

Төрлеріңіз болсын қонақты!

Жас мамандардың көңілі жай болсын,

Тарыққан күндері болмасын.

Бұтақтарына жапырақ жайқалып,

Гүлдерің ешқашан солмасын.

Жас Кеншілерімнің алды-арты кең болсын.

Жұмыстарың қанша ауыр болса да,

Артқан жүктерің тең болсын!

Ұлы Абай айтқандай, білім мен ақылдың арқасында, адал ниетпен Қазақстанға қызмет етсеңдер, талай шыңды бағындырасыңдар деп сенемін.

Комментарии
Другие материалы