Қазақстан мен Қытай. Екі ел басшылары келіссөз жүргізді

1004
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RT1cjsEw1UpuyuH1QqPrkjuGCxXPmqZFBpIjEmjm.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кездесу тарихи Тяньцзинь қаласында өтті.

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы жылы қабылдау үшін Си Цзиньпинге алғыс білдіріп, Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысуға шақырғанын ризашылықпен атап өтті.

"Қазақстан ШЫҰ аясындағы Қытайдың төрағалығын толық қолдайды және оның кең ауқымды күн тәртібін ілгерілетуге белсенді атсалысады. Сізді Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығымен және Жапон милитаризміне қарсы Қытай халқының ерлікке толы жеңісінің 80 жылдығымен құттықтаймын. Қытай халқының фашизмге қарсы күрестегі батырлығы мен ерлігі барша құрметке лайық", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Си Цзиньпиннің қолдауымен Қазақстан мен Қытай арасындағы «мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік» бұрын-соңды болмаған деңгейде дамып келеді. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы рекордтық көрсеткішке жеткен.

Президент бұл қарқынның биыл да сақталып отырғанын атап өтті. Қытай – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі. Сонымен бірге ірі бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысы сапар аясында Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысына қатысып, бірқатар қытайлық ірі компаниялардың басшыларымен кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар, 2025 жылдың Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы болып өтуі елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарға тың серпін бермек. Бұған дәлел – Қазақстанда Лу Бань шеберханаларының ашылуы және Бейжіңде Қазақстан мәдени орталығын құру туралы шешім.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Тяньцзиньге Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін келді.

Комментарии
Другие материалы