3 жыл ойланған Рахмон аймақтағы достық шартына енді ғана қол қойды

1415
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oJIg8OeGch5spJMnGdB00ELZMx6gPA1wT9z1VZfQ.jpg

28 тамыз күні Душанбе қаласында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Орталық Азияны XXI ғасырда дамыту мақсатында достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Бұл туралы Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Рәсім Қазақстанның Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесуден кейін өтті. Тараптар бұл құжаттың жүзеге асырылуы өңірдегі бейбітшілік, тұрақтылық және орнықты дамуды нығайтудың маңызды факторы болатынын атап өтті.

Келіссөздер барысында саяси ынтымақтастық, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және мәдени-гуманитарлық саладағы әріптестік мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, алдағы жоғары деңгейдегі кездесулер кестесі, ТМД саммиті мен «Орталық Азия – Ресей» форматындағы жиынға дайындық сөз болды. Аталған іс-шаралар Душанбе қаласында өтеді.

Бұл шарт алғаш рет 2022 жылғы 21 шілдеде Чолпон-Атада Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан президенттері тарапынан қол қойылып қабылданған. Ол кезде Тәжікстан мен Түркіменстан ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтау қажеттігін алға тартып, келісімге қосылмаған болатын. Енді Душанбе бұл келісімге ресми түрде қосылды.

Негізгі тармақтар:

  • Қатысушы елдер өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға міндеттеледі.
  • Егемендікке немесе аумақтық тұтастыққа қауіп төнген жағдайда тараптар бір-біріне көмек көрсетеді.
  • Барлық даулы мәселелер тек дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс.
  • Елдер бір-біріне қарсы әскери блоктар мен одақтарға кірмейді.
  • Үшінші елдердің аумақ пен инфрақұрылымды көрші мемлекеттерге зиян келтіру үшін пайдалануына жол берілмейді.
Комментарии
Другие материалы