Жыл басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2242
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JXs0sacQm8fmQhHFeRX45qevMtAH4ds10uJZZVrZ.jpg

Биыл 8 051 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жыл басынан Қазақстанға оралған қандастардың 44,2% Өзбекстаннан, 43,2% – Қытайдан, 5% – Түрікменстаннан, 2,7% - Монғолиядан,  2,4% – Ресейден, және 2,5% басқа елдерден қоныс аударған.

«Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,8%-ды және зейнеткерлер 9,1%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,7%-ы жоғары білімді, 28,1%-ы кәсіби орта білімді, 53,5%-ы жалпы орта білімді, және 2,7% білім жоқ»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 156,1 мың этникалық қазақ оралды.

Комментарии
Другие материалы