Ақтөбеде әйелін ұрып өлтірген ер адам 8 жылға сотталды

976
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3yKSF0whorHPb2ToDcp6v6NaNSeSSWc3NjCuQhT9.jpg

Ақтөбеде ер адам әйелін ұрып-соқты деп айыпталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сот күдіктіні 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Жоғары соттың мәліметінше, ер адам әйеліне бірнеше рет басынан соққы жасаған. Осыдан кейін жәбірленушінің жағдайы күрт нашарлап, ол төсек тартып жатып қалған.

Алғашқы шақырту кезінде жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға жатқызуды ұсынғанымен, әйел одан бас тартқан. Кейін екінші рет жеткізілгенімен, ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Тергеу барысында бір ай бұрын да ер адамның әйеліне күш қолданғаны анықталды. Ол бірнеше рет жұбайының бетіне соққы жасаған. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, әйелдің өліміне жабық бас-ми жарақаты, қан құйылу және ми ісінуі себеп болған. Сарапшылар жарақат бір күн бұрын соққы салдарынан алынғанын, ол құлау немесе өздігінен туындауы мүмкін еместігін анықтады.

Айыпталушы кінәсін ішінара мойындады. Прокурор 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрағанымен, сот ер адамды 8 жылға соттады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, сот Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына жеке қаулы жолдап, жедел жәрдем қызметіндегі кемшіліктерді жоюды және мұндай жағдайдың қайталанбауын қадағалауды талап етті.

Комментарии
Другие материалы