“Аяғын сындырып алған”. Қырғызстанда ресейлік альпинист шың басында қалды

1445
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/I3qWQ0yGkpAbDmq7k98BZxmcK9m0qjE5PUgEzrBi.jpg

Қырғызстандағы Жеңіс шыңында аяғын сындырып алған Ресей альпинисі қаза тапқан болуы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Mash мәліметінше, 47 жастағы Наталья есімді турист 12 тамыз күні шыңнан төмен түсіп келе жатып аяғын сындырып алған. Серіктесі оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, артынан көмекке лагерьге түскен. Әйел сол биіктікте жалғыз қалған.

БАҚ-та тараған дерекке сай, шыңда италиялық және неміс азаматтары Натальяға жәрдем беруге тырысқанымен, алған жарақатына байланысты төмен түсіре алмаған. Олар альпинисті жылы қапқа орап қалдырған. Өкнішке қарай, итальяндық альпинистің өзі Қырғызстан тауларында көз жұмған, оның денесі әлі шыңда жатыр.

Мамандардың айтуынша, зардап шеккен әйелдің шатыры таудың ойыс тұсында орналасқан. Бұл жерден төменге түсетін жол ұзақ әрі қауіпті. Алайда тау басындағы аумақта ауа температурасы минус 26 градусқа дейін төмендеп, қар жаууы ықтимал.

Сондай-ақ, Натальядан тіршілік белгілері байқалмай отырғанын хабарланды.

Mash басылымы таратқан дерекке сәйкес, төрт жыл бұрын дәл осы өңірдегі Хан-Тәңірі шыңында Натальяның күйеуі ауыр жарақат алып, сал болып қалған. Сол кезде құтқарушылар әйелді аман алып шыққанымен, оның жұбайын құтқарып қала алмаған.

Қазір Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі жағдайды бақылап отыр. Дегенмен ресми түрде альпинистің қазасы жөнінде әлі хабарланған жоқ.

Айта кетейік, биіктігі Жеңіс шыңының биіктігі 7 мың метрді құрайды.

Комментарии
Другие материалы