Тоқаев алғашқы АЭС-ке атау беру үшін байқау жариялауды ұсынды

1113
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6BS6iPLWA4l2XAdR0BTOJ4QtTIXhGziiDDjsMjbl.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі алғашқы атом электр станциясына ең үздік атау беру үшін байқау өткізуді ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы Мемлекет басшысы халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесу барысында айтты. Президенттің айтуынша, жастардың беделді халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері халқымыздың зияткерлік әлеуеті мен өсіп келе жатқан ұрпақтың жоғары мүмкіндіктерін көрсетеді.

«Елімізге ғалымдар, инженерлер, педагогтер, дәрігерлер және басқа да жоғары білікті мамандар қажет. Әсіресе жасанды интеллект саласындағы мамандар сұранысқа ие болады», – деді ол.

Президенттің айтуынша, инновациялар мен жоғары технологиялар негізінде біз еліміздің келешектегі ондаған жылдарға арналған берік даму іргетасын қалаудамыз. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев үшін стратегиялық маңызы бар алғашқы атом электр станциясын «Росатом» компаниясымен бірлесіп салу ісіне ресми түрде кіріскенімізді атап өтті.

«АЭС – бұл жай ғана энергетика нысаны емес, ол – ғылыми-техникалық прогрестің жарқын символы. Әзірге бұл нысанның атауы жоқ. Өйткені ол еліміздегі алғашқы нысан болғандықтан, оған атау беру үшін жалпыұлттық байқау жариялауға болады деп есептеймін. Сіздерді де осы байқауға қатысып, креативтілік танытуға шақырамын. Мүмкін, сіздердің ұсыныстарыңыздың бірі біз шешім қабылдайтын кезде кәдеге жарар», – деді Мемлекет басшысы.

Комментарии
Другие материалы