ШҚО-да заңсыз электр энергиясын сатқан топ анықталды

809
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ki02q6hQL4hgZr1EDheQefOcaS0Wa1GYNf2jCkJi.jpg

Шығыс Қазақстан облысында бір топ энергиямен жабдықтаушы компаниялар екі жыл бойы майнинг кәсіпорындарын заңсыз электр энергиясымен қамтамасыз еткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Агенттік мәліметінше, халықтың, әлеуметтік нысандар мен стратегиялық кәсіпорындардың қажеттілігіне арналған электр энергиясы майнерлерге беріліп отырған. Тұтынылған электр энергиясының жалпы көлемі 50 мегаватт-сағаттан асқан. Бұл - халқы 50–70 мың адам болатын қаланың тұтынуымен шамалас көрсеткіш.

Электр энергиясын заңсыз сату фактісін 9 млрд теңгеден астам сомаға ШҚО бойынша ҚМА департаменті мен ҰҚКД бірлесіп анықтаған.

Ведомство түсіндіргендей, заң бойынша майнинг компанияларына электр энергиясын тек бірыңғай мемлекеттік сатып алушы арқылы және көлемі 1 мегаватт-сағаттан аспауы тиіс мөлшерде жеткізуге рұқсат етілген.

"Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушы Нұр-Сұлтанда екі пәтер мен төрт автокөлік сатып алған. Оларға сот санкциясымен тәркілеу мақсатында тыйым салынды", - делінген ҚМА хабарламасында.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтерді жария етуге болмайды. 

Комментарии
Другие материалы