Түркияның Балыкесир провинциясында жер сілкінісі болды

851
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iFpISe9gLufZOKG1qiJMpXmedBTsFppnWzD7Og46.jpg

Түркияның Балыкесир қаласында 10 тамызда магнитудасы 6,1 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Эпицентрі Сындырыгы ауданында, 11 шақырым тереңдікте болған дүмпулер шамамен 20 минут бойы сезілген. Сондай-ақ, жер асты дүмпулері Ыстамбұл, Бурса және Ялова секілді қалаларда да байқалған.

Зілзала салдарынан бір ғимарат қирап, кемінде 24 нысан зақымданған. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам үйінді астында қалып, төрт тұрғын жарақат алған.

Зардап шеккендердің өміріне қауіп жоқ. Құтқару қызметтері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, Сындырыгыда бір тұтас аудан қирап, 10-ға жуық жеке үй бүлінген. Кейбір ауылдарда байланыс үзіліп қалған.

Түркия ішкі істер министрі Али Ерликая жағдайдың бақылауда екенін айтып, халықты сабырға шақырды.

Президент Режеп Тайып Ердоған зардап шеккендерге көңіл айтып, барлық қажетті шаралардың қабылданғанын хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, негізгі дүмпуден кейін 20 афтершок тіркелген, оның бесеуінің магнитудасы 4-тен жоғары.

Комментарии
Другие материалы