Руслан Берденовтің ісіне қатысты айыпталушы мәлімдеме жасады

960
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aVAzsCiiIFBtENcawe9qL5pjWjGgd4QBcsr3WW2O.jpg

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісіне байланысты сот процесі жалғасып жатыр. Іс бойынша айыпталушы Ерлан Жиембай сотта өз нұсқасын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сот отырысы ашық режимде мемлекеттік тілде өтіп жатыр. Руслан Берденов сотқа қатыспады, себебі қазіргі таңда емделіп жатыр. Бұл туралы оның өкілі Жеңіс Тыныбек мәлімдеді.

Айыпталушының айтуынша, қақтығыстың басы 2024 жылдың наурызында басталған. Берденов оның әйелі Луиза Алданованың Instagram-дағы суретіне лайк басып, "Сен әдемісің" деп пікір қалдырған. Бұл хабарлама отбасы ішінде жанжал туғызған. 

Жұмыс барысында да Жиембай мен Берденов арасында жоғары деңгейдегі жанжал болған. Айыпталушының айтуынша, бір күні Берденов оны кабинетіне шақырып, "Сен қайдан шықтың?" деген сияқты қорлау сипатындағы сөздер айтқан. Тіпті, "Сен түрмеге кетесің, әйелің жезөкше болады, балаларың жетім қалады" деп ауыр сөздер айтқаны мәлімделді.

Ерлан Жиембай оқ атуды алдын ала жоспарламағанын айтып, өзін киллер ретінде пайдаланғысы келген адамдар болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Руслан Берденов одан Ғабит Сыздықбаевты айыптайтын жалған мәлімдеме жасауын сұраған.

«Сен соны айтсаң, мен сені кешіремін, құтқарамын» деді деп айтты ол.

Айыпталушы оқиға кезінде мас болмағанын, тек қымыз ішкенін айтты.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың көктемінде Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған болатын. Күдікті ретінде оның бұрынғы қызметкері Ерлан Жиембай ұсталды. Қазір бұл іс бойынша қосымша тергеу талап етіліп отыр.

Комментарии
Другие материалы