Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

906
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gRKz5BorG3u435795a4BBVqT1nzubhmFv51nriqn.jpg

5 тамыз күні Астана уақытымен сағат 18:44 те Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Жерасты дүмпуі 41.310 с.е., 72.690 ш.б. координатасында, яғни Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,1, магнитудасы MPV 5,9.

Есептік қарқындылық 2 балл болып, ол Жамбыл облысының Мерке, Құлан, Тараз, Сарыкемер, Бауыржан Момышұлы, Аса, Қордай, Шу, Қаратау, Төле би елдімекендерінде, сондай-ақ Түркістан облысының Тұрар Рысқұлов, Ленгер, Манкент, Сайрам, Ақсукент, Қазығұрт, Сарыағаш, Абай, Темірлан ауылдарында және Шымкент қаласында сезілген.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

Комментарии
Другие материалы