Трамп айға атом реакторын салуға бұйрық берді

2039
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WlRnQ611GoR90Ghx0kfkmBRsbYvGCqSm9X9UXMsK.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп NASA-ға Айға реактор орнатуды тапсырды. Бұл туралы Nasa-ның жаңа басшысы Шон Даффидің Трамптан осындай бұйрық алғаны туралы The Telegraph басылымы редакцияның қарауына түскен құжатқа сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Трапмтың сөзінше, бұл астронавтарға ай бетінде ұзақ уақыт экспедициялар жасауға және Марсқа ұшуға дайындалуға көмектеседі.

Жақында ғана Даффи америкалық ғарыш агенттігінің айды бағындыру жоспарын ресми түрде жариялайды деп жоспарланып жатыр.

Бұған дейін ҚХР мен РФ 2030-шы жылдардың ортасына қарай Айда атом реакторын салу бойынша бірлескен жобаны жариялаған болатын.

«Мұны жасаған бірінші ел қолжетімді аймақ құру туралы жариялай алады. Егер Америка бұл жобаны ертерек жүзеге асырмаса, кейін «Артемида» жоспарын жүзеге асыруға кедергі жасауы мүмкін», – деп жазды The Telegraph.

Жер серігіндегі күн панельдері тиімсіз болғандықтан, олар Атом реакторын ғарышкерлер үшін энергия көзі ретінде таңдаған. Айдағы бір түн шамамен 2 апта болады.

«Егер біз Айда өмір сүретін жүйе құратын болсақ, оны энергиямен қамтамасыз етуіміз керек», – деді NASA.

Комментарии
Другие материалы