JLO концертінде төбелес шығарған әйел полицейдің жұбайы болып шықты

3783
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9129QUZ2mzWrPQipLeHO0fcTzlEUC7LG7yS2CA4i.jpg

Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертінде төбелес шығарған әйел полиция қызметкерінің жұбайы болып шықты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құзырлы орган оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында екені атап өтілді.

«Азаматша полиция қызметкерлерінің бірімен некелескен. Алайда бұл факт оның әрекетіне құқықтық баға беруге әсер етпейді. Бұл қоғамдағы мінез-құлық үшін адам жоғары дәрежеде жеке жауапкершілік арқалайтынын білдіреді», – деді ПД баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері барлық азаматтың заң алдында тең екенін баса айтты.

«Жазаға тарту – заңның негізгі қағидаларының бірі», – деп қосты олар.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде концерт кезінде күзетшілердің төбелес шығарған әйелді көтеріп, алаңнан алып кетіп бара жатқан видеосы тараған еді.

Комментарии
Другие материалы