Шымкентте бір топ адам балмұздақтан уланған

943
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XyzgUnym3G3rCoZQw0fkzU7YJfBvWYZOl9XbAYVu.jpg

Шымкентте бірнеше адам бір сауда орнынан сатып алған тәтті десерттен уланып қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Алматы телеарнасына сілтеп.

Белгілі болғандай, өнімді дайындаған сауда орнының қызметкері медициналық тексерістен өтпеген. Салдарынан, бактерия тасымалдаушы бола тұра, тұтынушылардың денсаулығына зиян келтірген.

"Сауда орны қазір жабылды. Бірақ қалада осыған ұқсас тағы 98 дүңгіршек жұмыс істеп тұр. Олар тек тұрғындардан шағым түскен жағдайда ғана тексеріледі", – дейді жауапты органдар.

Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілі пікір білдірді.

«Тұрғындар жиі тамақтанатын сауда нүктелері мен киоскілер, әсіресе 50 орынға дейінгі қоғамдық тамақтану орындары тек жұмысын бастайтынын бізге хабарлауы тиіс. Бірақ олардан кейін ешқандай тексеріс жүргізілмейді. Себебі олар тексеруден босатылған», - делінген ресми хабарламада.

Мәліметке сәйкес, 2025 жылдың басынан бері Алматыда тамақ өнімдерінен уланған 25 адам тіркелген.

Комментарии
Другие материалы