Журналист Кәкен Қамзин алаяқтарға қалай алданғаны туралы айтты

1462
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/r9jSACcAWkZatHs7ptYhNmBTXKkat9ii4GrXPqC5.webp

Журналист Кәкен Қамзин әлеуметтік желідегі жазбасында алаяқтардың арбауына қалай түскені туралы жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, 12 маусым күні өзін қалалық энергожүйе қызметкері ретінде таныстырған бір әйел хабарласып, үйдегі электр есептегіштің ескіргенін айтып, жеке мәліметтерін сұратқан.

Кейін «Қаржы бақылау департаментінен», артынан өзін «ҰҚК майорымын» деп таныстырған адам байланысқа шығып, мәліметтері алаяқтардың қолына түскенін айтып, арнайы операцияға көмектесуге міндетті екенін ескерткен.

Осы сәттен бастап Кәкен Қамзин бірнеше адамның бақылауында қалып, олардың айтқанын мүлтіксіз орындай бастаған. «Бәлкім, телефон арқылы гипноз да қолданылды», – дейді ол. Солардың айтуымен ол өз жинағын «Ұлттық банктің есебіне аудару керек» деп бірнеше терминал арқылы ақшасын жіберген. Кейін Халық банктен 5 миллион теңге шешіп, белгісіз бір курьерге берген.

Алаяқтар мұнымен шектелмей, Кәкен Қамзинге «деректерді жаңалау үшін үйіңізді нарық бағасынан төмен бағаға сату қажет» деп, 26 маусымда 31 миллион теңгеге пәтерін сатқан. Олар үйге жалған хабарландыру орналастырып, сатып алушыларды өздері тапқан. Алаяқтардың бұйрығымен ол бұл соманы да курьер арқылы өткізген.

Журналист нақты алаяқтардың құрбаны болғанын 4 шілдеде ғана білген. Үйге полициямен бірге келген сатып алушылар жағдайды түсіндіріп кеткен. Сол кезде ғана оның алданып қалғаны анықталды. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, үй арестке қойылған.

Кәкен Қамзиннің айтуынша, үйді сатып алған көпбалалы отбасы да алаяқтардың құрбаны. Олар да баспанасыз қалғалы отыр. Журналист бұл оқиғамен бөлісу арқылы өзгелердің де сақ болуын қалайды.

Комментарии
Другие материалы