Маңғыстау облысында нөсер жаңбырдан кейін ауылды су басты (ВИДЕО)

1420
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2tIeQHTV6XMfFrDUkYEw9qMG3DAbTc3LnCrQ6c82.webp

Маңғыстау облысындағы Шетпе елді мекенінде нөсер жауын-шашын болып, ауылды су басты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, жаңбыр бірнеше сағат бойы толассыз жауған. Салдарынан көліктер батпаққа батып, айналма жол іздеуге мәжбүр болған.

Бүгін, 28 шілдеде ауыл әкімдігі жауын салдарынан жиналған судың толығымен тазартылғанын айтты.

«27 шілде күні Шетпе ауылында өткінші жауын салдарынан көшелерде және Ащыбұлақ шағын ауданында 18 үйдің ауласына қарғын су жиналғандығы туралы жағдай тіркелді. Жиналған суды тазарту мақсатында 9 арнайы техника мен көлік, 20 су соратын жүрмелі және тасымалданатын мотопомпа және 32 адамнан құралған бригада жұмылдырылып, қазіргі таңда аумақтар тазартылды»,–делінген хабарламада.

Әкімдік әлеуметтік желілерде таралған «мал шығыны болды» деген ақпаратты жоққа шығарып, жағдайдың толық бақылауда екенін және тұрғындарға қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.

Комментарии
Другие материалы