Атырауда “Lotus Fest-2025” халықаралық мәдени-туристік фестивалі басталды

979
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Pna49bHe6hLuy1vG8Oex6L2W9aIExdIJC0TmqyKL.jpg

Атырау облысында алғаш рет халықаралық деңгейдегі мәдени және туристік шара — “Lotus Fest-2025” фестивалі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ерекше іс-шара Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылында өтіп жатыр және 26 тамызға дейін жалғасады.

Фестивальдің басты мақсаты — табиғат пен ұлттық руханиятты ұштастыра отырып, өңірдің туристік әлеуетін арттыру.

Құрманғазы ауданы — лотос гүлдері табиғи түрде өсетін еліміздегі жалғыз аймақ. Бұл жаратылыстың ғажайып көрінісін тамашалау үшін келген қонақтар қайықпен су бетінде серуендеп, естелік суретке түсіп, ерекше әсер алуда.

Іс-шара аясында арнайы ұлттық жәрмеңке ұйымдастырылып, онда келушілер қазақтың қолөнер бұйымдары мен дәстүрлі тағамдарымен танысып, дәм тата алады. Шараға қатысушылар фестивальдің табиғатпен, мәдениетпен және ұлттық нақышпен үйлесім тапқанын ерекше атап өтуде.

“Lotus Fest-2025” — Атырау өңірін жаңа қырынан танытатын, экотуризм мен мәдени мұраны қатар насихаттайтын маңызды жоба ретінде бағалануда

Комментарии
Другие материалы